Қазақстандық файтер қырғызстандық спортшыны нокаутқа түсірді
Алматыда өтіп жатқан OCTAGON 46 ивенті аясында жеңіл салмақ дәрежесінде жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кәсіпқойлар арасында жеңіліп көрмеген қырғызстандық Казакбай Тиленов (5-0) қазақстандық Сүндет Айтқұлмен (4-1) кездесті.
Жекпе-жекте Сүндет Айтқұл Тиленовті нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті. Бұл Тиленовтің карьерасындағы алғашқы жеңілісі.
Кештің басты жекпе-жегінде аса жеңіл салмақтағы чемпион қазақстандық Анастасия Дюжикова (6-2) белбеуін түркиялық Татсьяна Фирсаваға (6-2) қарсы қорғайды.
Ал негізгі жекпе-жекте танымал блогер әрі файтер Ақтөре Батырбек (5-2) өзбекстандық Шахзод Джуракуловпен (6-6) кездеседі.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG Sports спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы
OCTAGON 46 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или