«Реал» Тчуаменидің құнын атады

«Реал» Тчуаменидің құнын атады

«Ливерпуль» «Реал Мадрид» жартылай қорғаушысы Орельен Чуамениге қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prospots.kz.

<span>El Nacional мәліметінше, мерсисайдтықтар 23 жастағы француз үшін 63 миллион еуро ұсынып жатыр, ал мадридтік команда 93 миллион еуродан төмен ұсыныстарды қарастырғысы келмейді.</span>

<span>Орельен Чуамени «Реалға» 2022 жылдың жазында ауысқан. Команда сапындағы 50 ойында ол төрт нәтижелі пас берген болатын. Тараптар арасындағы келісімшарт 2028 жылы аяқталады.</span>

<span>Бұған дейін «Реал» бапкері Карло Анчелотти 23 жастағы ойыншымен қоштасқысы келмейтіні хабарланған болатын. Футболшы өзінің мадридтік клубтағы карьерасына көңілі толады. Алайда, «Реал» жақында Джуд Беллингемді сатып алды, сонымен қатар Лука Модрич және басқа жартылай қорғаушылармен келісімшартты ұзартты, бұл Чуаменидің ойын уақытына әсер етуі мүмкін.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или