Астанадағы Grand Slam жарысы: Қазақстан құрамасы командалық есепте нешінші орын алды

Астанадағы Grand Slam жарысы: Қазақстан құрамасы командалық есепте нешінші орын алды

<span>Астанадағы «Барыс Аренада» дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam әлемдік турнирі аяқталды. Қазақстан құрама командасы байрақты бәсекені 1 алтын, 1 күміс, 5 қола медальмен 42 елдің арасында жалпыкомандалық есепте 4 орынға ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.</span>

<span>«Керемет сезімдемін, өз елімізде өтіп жатқан байрақты жарыста алтынға қол жеткізу – маңдайыма жазылған бақыт шығар. Қуанышымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Голден скор сегіз минутқа созылса да, шаршағаным сезілмейді. Қарсыласыммен бір-біріміздің қыр-сырымызды біліп, әбден намысқа салып күрестік. Өз елімізде өтетін жарысқа психологиялық тұрғыда жақсы дайын болдым. Мені қолдаған барша қазақ еліне алғысым шексіз»,- деді чемпион атанған Мағжан Шамшадин. </span>

<span>Үш күнге созылған әлемдік додада Қазақстан сапынан 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Мағжан Шамшадин чемпион атанып, Ғұсман Қырғызбаев (-66 келі) күміс жүлде еншілесе, Данияр Шамшаев (-73 келі), Асқар Нарқұлов (-73 келі), Ислам Бозбаев (-100 келі), Ғалымжан Қырықбай (+100 келі) және Ақерке Рамазанова (+78 келі) жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді. Ғалия Тынбаева (-48 келі), Жансай Смағұлов (-73 келі) пен Бекарыс Сәдуақас (-100 келі) кіші финалға дейін жетіп, 5 орынға тұрақтады.</span>

<span>«Qazaqstan barysy Grand Slam жарысы тәжірибелі және жас дзюдошылар үшін өте керемет алаң болды. Жарыс нәтижесіне қарап, біздің құрамада буын алмасып жатқанын және әртүрлі салмақтар арасында ел ішінде бәсекенің артып жатқанын байқауға болады. Жарыс өз жерімізде өтіп жатқандықтан әрқайсысында жауапкершілік жүгі екі есе болды. Кей дзюдошылар өз қателіктерінен медальға қол созым жерден тоқтаса, кейбіреулерінің баптары мен бақтары қатар шаппады. Біздің спортшыларымызға қолдау білдіріп келген барлық жанкүйерлерге рахмет айтамын және біз әлі де сіздердің үміттеріңізді ақтау үшін көп еңбек ететін боламыз», - деді дзюдодан Қазақстан ерлер ұлттық құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или