Астанадағы «Үлкен дулыға» турнирінің үшінші күнінің тікелей трансляциясы
Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтуде, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнирге 42 елден 300-ден астам спортшы қатысуда. Олардың арасында Олимпиада жүлдегерлері, әлем және Азия чемпиондары бар.
Бүгін Қазақстан бойынша ерлер арасындағы жарыста:
- 90 келі: Ермахан Әнуарбеков, Мұхаммедәлі Мавлидов, Құдірет Досымов, Аян Байғазы:
- 100 келі: Нұрлыхан Шархан, Бекарыс Сәдуақас, Бекзат Шағатаев, Ислам Бозбаев:
+100 келі: Ғалымжан Қырықбай, Әділ Оразбаев, Ерасыл Қажыбаев, Мәди Еділбаев.
Әйелдер арасында:
- 78 келі: Аруна Жангелдина, Назерке Тілеуханова, Маргарита Гриценко;
+78 келі: Камила Берлікаш, Ақерке Рамазанова, Назгүл Маратова.
Жекпе-жектер Астана уақытымен сағат 11:00-де басталады. Qazsport телеарнасы жарысты тікелей эфирде көрсетеді.