Қазақстандық дзюдошы «Үлкен дулыға» турнирінде алтын медаль жеңіп алды
Бүгін Астанада дзюдодан «Үлкен дулыға» сериясы бойынша әлемдік турнир басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық Мағжан Шамшадин 60 келі салмақта финалға шықты. Алтын медаль үшін белдесуде Мағжан француз Седрик Риволды жеңді.
Қазақстандық үшін бұл «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі мансабындағы ең жақсы нәтиже.
Еске салайық, бүгін Қазақстанның тағы бір өкілі Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) күміс жүлде алды.
Ғалия Тынбаева (48 келі) де бүгін турнирдің қола жүлдесі үшін белдесті. Жекпе-жекте оның қарсыласы – ресейлік Кристина Дудина жеңіске жетті. Осылайша қазақстандық 4-орынға тұрақтады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или