Дзюдодан «Үлкен дулыға» турнирі: екі қазақстандық спортшы алтын жүлдеге таласады
Астанада өтіп жатқан дзюдодан «Үлкен дулыға» турнирінің бірінші жарыс күнінде екі қазақстандық спортшы финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Мағжан Шамшадин турнирдің финалында франциялық Седрик Риволмен кездеседі.
66 келіге дейінгі жекпе-жекте Ғұсман Қырғызбаев испаниялық Давид Гарсиа Торнемен кездесу өткізеді.
Бүгін 48 келіге дейінгі салмақта Ғалия Тынбаева қола медаль үшін жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы ресейлік Кристина Дудина болады.
Фото: olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или