«Қазақстанда тағы да ойнағым келеді». Пернамбуко «Қызыл-Жардан» кетуі туралы
Пернамбуко деген атпен танымал шабуылшы Жозе Витор Prosports.kz тілшісіне берген эксклюзив сұхбатында «Қызыл-Жардан» кетуі туралы айтып, чемпионаттың деңгейі туралы пікірін бөлісті.
– Витор, жақында сіздің «Қызыл-Жардан» кеткеніңіз туралы ақпарат шықты. Бұл шешімнің себебі неде?
– Бұл менің келісімшартым алты айға есептелгеніне байланысты болды. Маған артқан сенімі үшін «Қызыл-Жарға» алғыс айтамын. Қазіргі уақытта менде клуб жоқ, жақсы ұсыныс күтіп жүрмін.
– Сіз ойыныңызбен қазақстандық жанкүйерлердің сүйіспеншілігіне ие болдыңыз. Бұл жерде қайта ойнағыңыз келе ме, жергілікті клубтардан ұсыныстар бар ма?
– Қазақстандық жанкүйерлер керемет, қолдауларыңыз үшін рақмет. Мен мұны қатты қалаймын, себебі Қазақстан жақсы мемлекет және мұндағы лига мықты. Дегенмен, қазір маған бұл жақтан ешқандай ұсыныс келген жоқ.
– БАҚ сіз венгриялық клубқа ауысу үшін «Қызыл-Жармен» қоштасқаныңызды жазып жатыр. Бұл шындық па?
– Қазіргі уақытта ешқандай клубпен келісімім жоқ.
– Әли Әлиевпен жұмыс туралы не айта аласыз?
– Әли Әлиев өте жақсы маман. Ол ойыншыларға үлкен сенім ұялатады және мен онымен жұмыс істегеніме қуаныштымын. Бұл бағытта Ханәліұлының болашағы зор екеніне сенімдімін.
– Қазақстан чемпионатының деңгейі туралы не ойлайсыз?
- Деңгейі өте жақсы, бірақ стадиондар мен алаңдарды жақсарту керек.
– Сіздің ойыңызша, біздің алаңдар ойыныңызға әсер етті ме? Мысалы, сіз жарақатқа байланысты белгілі бір уақыт ойнамадыңыз.
– Жоқ, бұрын мен Норвегияда өнер көрсеттім, онда да жасанды алаңдар. Жарақатқа келер болсақ, тіземді соның салдарынан жарақаттап алған жоқпын.
Фото: «Қызыл-Жар» ФК