Қазақстандық жеті бірдей атлет допинг қолданды деген күдікке ілінді

Қазақстандық жеті бірдей атлет допинг қолданды деген күдікке ілінді

Қазақстандық жеті бірдей ауыр атлеттің допинг сынамасы оң нәтиже берді. Бұл туралы Prosports.kz хабарлады.

Қазақстан Республикасының Ауыр атлетика федерациясына Қазақстан ұлттық допингке қарсы орталығынан ағымдағы жылдың 17 сәуірінде қабылданған жарыстан тыс допинг-бақылаудың оң нәтижелері туралы хабарлама келіп түсті.

Осылайша, оң нәтиже келесі спортшыларда табылды: Арли Чонтей, Екатерина Алякина, Денис Полубояринов, Алина Колиушко, Алексей Чуркин және Нұрғиса Әділетұлы.

Күні кеше жастар арасындағы әлем чемпионы Артем Антропов Азия чемпионатында күміс алған соң уақытша жарыстан шеттетілгені белгілі болды. Оның сынамасынан SARMS-23 анаболикалық стероидінің ізі табылды – бұл бұлшықет пен сүйекке көмектеседі. Егер кінәсі дәлелденсе, спортшы дисквалификацияға ұшырайды.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или