Бокс

Біреулер танымал қазақстандық боксшыны уландырмақ болған

Біреулер танымал қазақстандық боксшыны уландырмақ болған
news-banner7
mobile-news-top

Боксшы Қанат Исламға қастандық жасалған. Бұл туралы «Хабар» телеарнасының «Первый» жобасына спортшының досы Дархан Мұхтарбеков айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі BaigeNews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қанат екеуміз 2019 жылдың басында таныстық. Сол кезде оның бокстағы болашағы бұлыңғыр болып көрінді. Мен қалай көмектесе аламын деп ойлана бастадым. Бір күні Қанаттың карьерасын қалай жалғастыруға болатыны туралы жақсы ой келді. Елде жекпе-жек өткіземіз деп шештік. Кездесуді ұйымдастыру барысында көптеген адам жолымызға кедергілер жасады. Кезінде елге танымал бір адамның өкілі келіп, бұл жарысты ұйымдастырудың қажеті жоқ деп айтқан болатын. Қанаттың суына у қосылды. Бұл қастандық бізге өте ауыр тиді», – дейді Дархан.

Боксшы қанынан улы заттың іздері табылғанын растады.

«Өмірде әртүрлі жағдайлар болады. Барлығы сізге жақсы қарауға міндетті емес. Маған белгілі тұлғалар хабарласа бастады. Артқа жол жоқ болды. Содан кейін түрлі турнир басталып, Америкаға барып жаттығуға бел будым. Мен сылтау айтқанды ұнатпаймын. Бірақ қан анализі бәрін көрсетті. Байқағаным, әр соққымнан кейін қарсылас селт ете қалады. Оны видеодан да көре аласыздар. Мен оны ұра бердім, бірақ өз денемді сезбедім. Шегініп, қорғануға тура келді», - деді боксшы.

Фото: rus.azattyq-ruhy.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер