ГЛАВНАЯ
Махмұд Сабырхан қандай олимпиадалық салмаққа көшетінін мәлімдеді
Махмұд Сабырхан қандай олимпиадалық салмаққа көшетінін мәлімдеді

Бокстан әлем чемпионы Махмұд Сабырханның қазіргі салмақ дәрежесі Олимпиада бағдарламасында жоқ. Осыған орай, боксшы қандай салмаққа көшетінін айтты.
- Ағайларымызбен ақылдасып жатырмыз. 51 келіде Санжар мен Сәкен бар. Алла қаласа, 57 келіні ойлап жатырмыз. Бұл салмақта бірінші нөмір Серік Теміржанов. Оның да арманы Олимпиада чемпионы болу. Бұйырса, көреміз, - деді Махмұд Сабырхан.
Махмұд Сабырхан сынға түсетін 54 келі салмақ дәрежесі Олимпиада бағдарламасына енбеген. Боксшыға Париж Олимпиадасына қатысу үшін 51 келіге немесе 57 келіге өту керек.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или