Конференция лигасының финалында «Фиорентина» мен «Вест Хэм Юнайтед» кездеседі

Мамырдың 7-нен 8-не қараған түні футболдан UEFA Конференция лигасының финалы өткізіледі.
Бұл күні «Фиорентина» (Италия) мен «Вест Хэм Юнайтед» (Англия) кездеседі. Кездесу елорда уақытымен 00:50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Ойында испаниялық Карлос Дель Серро Гранде бас төреші қызметін атқарады. Оған отандастары Пау Себриан Девис пен Гвадалупе Поррас Аюсо көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де - испаниялық Хесус Хиль Мансано.
Екі команда өз тарихында тұңғыш рет кездесіп отыр. Қазірге дейін аталған жарыстың топтық кезеңінде «Фиорентина» А тобында Латвияның РФШ (1:1, 0:3), Түркияның «Истанбул Башакшехир» (0:3 2:1), Шотландияның «Хартс» (3:0, 5:1) командаларымен кездесті.
Одан кейін Португалияның «Спортинг Брага», Түркияның «Сивасспор», Польшаның «Лех», Швейцарияның «Базель» командаларын қапы қалдырып кетті.
Ал «Вест Хэм Юнайтед» топтық кезеңде В тобында «Андерлехт» (Бельгия), «Силькеборг (Дания), ФКСБ (Румыния) клубтарымен сынға түсті.
Одан кейін Грекияның АЕК, Бельгияның «Гент», Нидерландтың «АЗ Алкмаар» клубтарынан басым түсті.