Теннис

Қазақстандық жас теннисші Грузияда өткен жарыстың абсолютті чемпионы атанды

Қазақстандық жас теннисші Грузияда өткен жарыстың абсолютті чемпионы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Әмір Омарханов Грузия астанасы Тбилисиде 18 жасқа дейінгілер арасында өткен ITF Juniors J60 турнирінің абсолютті чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Қарағанды теннис мектебінің түлегі, қазіргі кезде Чехияда жаттығып жүрген 15 жасар Әмір Омарханов жекелей және жұптық сында үздік шықты.

Әмір жекелей сында әзербайжандық Канан Гасимовты 6:1, 6:3 есебімен ұтты. Қазақстандық теннисші финалға дейін де қарсыластарына бірде-бір сетті берген жоқ.

Ә.Омарханов жұптық бәсекеде болгариялық Иван Найденовпен бірге қазақстандықтар Ілияс Маратұлы – Виталий Зацепинді жеңді – 6:3, 6:4.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер