Күрес

Астанада самбодан Азия және Океания чемпионаты басталды

Астанада самбодан Азия және Океания чемпионаты басталды
news-banner7
mobile-news-top

Астана қаласында "Beeline Arena" спорт кешенінде спорттық және жауынгерлік самбодан ересектер, жастар, жасөспірімдер және мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасындағы Азия және Океания чемпионаты басталды. Байрақты бәсеке 11 маусымға дейін жалғасады.

Чемпионатқа 30 ел, Ауғанстан, Аустралия, Бангладеш, Боливия, Бразилия, Венесуэла, Гонконг, Грузия, Үндістан, Индонезия, Иордания, Иран, Ирак, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Малайзия, Малдова, Моңғолия, Непал, Жапония, Жаңа Зеландия, Палестина, Тәжікстан, Таиланд, Түрікменстан, Өзбекстан, Филиппин және Оңтүстік Корея, FIAS (Ресей) командалары, барлығы 600 спортшы қатысады.

- Чемпионаттың Қазақстанда өтуі – тарихта алғаш рет. Сондай-ақ, тағы бір басты ерекшелігіміз - самбодан зағиптар мен нашар көретіндер арасында Азия және Океания чемпионаты бірінші рет өткізіліп отыр.

Турнирді елімізде өткізудің өзіндік мәні бар. Қазақстанда осындай чемпионаттар өткізу арқылы спортшыларымыздың кәсіби шеберлігін шыңдауға жол ашамыз. Сондай-ақ, жастардың спортпен шұғылдануға деген қызығушылығы артады деген де сенім бар. Одан бөлек, елімізді және Астана қаласының имиджін халықаралық аренада насихаттау басты мақсаттарымыздың бірі. Чемпионатқа елімізден 24 мүмкіндігі шектеулі спортшы, 126 шебер, ұлттық құрамадан 72 самбошымыз қатысады6 - деді Қазақстан спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының президенті Айдос Ақжанов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер