Командалық

Регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

Регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы халықаралық турнирде жеңімпаз атанды
news-banner7
mobile-news-top

Регбиден Қазақстан əйелдер құрамасы Нидерланд астанасында өткен Amsterdam Sevens халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ел құрамасы дəстүрлі бəсекеде 7 ойынның барлығында жеңіске жетті. Бұл қатарда Латвия құрамасы мен Нидерландтың жоғарғы дивизионындағы клубтар бар.

Айта кетсек, ел құрамасы финалда былтыр да аталған турнирде жеңімпаз атанды. Ал, 2019 жылы қазақстандық «Алматы» клубы турнирдің жеңімпаз тұғырына көтерілді.

Халықаралық турнирдің 50 жылдық тарихы бар. Жарыс Еуропадағы беделді турнирдің бірі саналады. Турнир алғаш рет 1972 жылы өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер