Жұқаевтың АҚШ-тағы турнирдегі алғашқы қарсыласы анықталды

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаевтың (ATP рейтингінде 325-орын) Американың Тайлер қаласында өтіп жатқан турнирдегі алғашқы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Отандасымыз тунистік Азиз Дугазбен (220) кездеседі. Кездесу 5 маусым күні Астана уақытымен 21:00-де басталады.
Айта кетейік, бұған дейін Жұқаев Литтл-Роктағы турнирдің финалына шыққан. Бірақ эстониялық Марк Лаялға (311) 4:6, 5:7 есебімен есе жіберді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или