Егор Буяльский «Арлан» ойыншысы атанды

Егор Буяльский «Арлан» ойыншысы атанды

Беларусь құрамасының ойыншысы Егор Буяльский «Арлан» сапына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі hcarlan_official парақшасына сілтеме жасап.

Шабуылшы Егор Буялский көкшетаулық клубпен бір маусымға келісімшарт жасасты.

«Минскілік «Юность» клубының түлегі, 22 жаста, бойы 186 см. 18 жастағы ойыншы Канадаға аттанып, WHL лигасының «Moose Jaw Warriors» сапында 66 матчта 14 (6 + 8) ұпай жинаған. Сол маусымда ол Беларусь жастар құрамасына шақырту алған. Құрамада ол 5 матчқа қатысып, 2 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген. 2019-20 маусымын Қытайда өткізді, онда «ORG Beijing» (ЖХЛ) командасының жастар мен ересектер командаларында ойнады. Кейінгі екі маусымды челябинскілік «Челметте» (ЖХЛ) өткізді. 2021-22 маусымында ұлттық құрамаға шақырту алды. «Юность» командасында жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері және 2020-21 маусымда Беларусь чемпионы атанған», - делінген клуб хабарламасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или