Басқа

Ферстаппен Испания Гран-приінде топ жарды

Ферстаппен Испания Гран-приінде топ жарды
news-banner7
mobile-news-top

4 маусымда «Барселона-Каталунья» автодромында биылғы Формула-1 маусымының сегізінші кезеңі — Испания Гран-приі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл сында қазіргі әлем чемпионы Макс Ферстаппен («Ред Булл») топ жарды. Екінші орын «Мерседес» шабандозы Льюис Хэмилтонға бұйырса, үздік үштікті Джордж Расселл («Мерседес») түйіндеді.

Испания Гран-приі. Жарыс:

1. Макс Ферстаппен («Ред Булл») — 66 айналым.
2. Льюис Хэмилтон («Мерседес») +24.090.
3. Джордж Расселл («Мерседес») +32.289.
4. Серхио Перес («Ред Булл») +35.812.
5. Карлос Сайнс («Феррари») +45.698.
6. Лэнс Стролл («Астон Мартин») +1:03.320.
7. Фернандо Алонсо («Астон Мартин») +1:04.127.
8. Эстебан Окон («Альпин») +1:09.242.
9. Гуаньюй Чжоу («Альфа Ромео») +1:11.878.
10. Пьер Гасли («Альпин») +1:13.530.

Айта кетейік, «Формула-1» келесі кезеңі 16-18 маусым аралығында Канадада өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер