Бейбіт Жұқаев карьеарасында алғаш рет Челленджердің финалында ойнайды

Бейбіт Жұқаев карьеарасында алғаш рет Челленджердің финалында ойнайды
Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев карьеарасында алғаш рет "Челленджердің" финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық Бейбіт Жұқаев (әлемнің 325-ракеткасы) Литтл-Роктағы (АҚШ)  "Челленджердің" жартылай финалында аустралиялық Адам Уолтонды (әлемнің 288-ракеткасы) үш сетте 6:7 (6:8), 6:4, 7:6 (7:4) есебімен ұтты. Ойын 2 сағат 50 минутқа созылды.

Жұқаев 18 эйс орындап, төрт брейк-пойнттың біреуін пайдаланды.

Бұл - Бейбіт Жұқаевтың ATP Challenger сериясы турнирінің жекелей сындағы алғашқы финалы. Оның финалдағы қарсыласы эстониялық Марк Лаял (әлемнің 311-ракеткасы) болады. Шешуші матч бүгін, 4 маусымда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или