Басқа

Суперфиналда Эдуард Ким жекелей және жұптық сында жүлдегер атанды

Суперфиналда Эдуард Ким жекелей және жұптық сында жүлдегер атанды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрамасы үшін Овьедо қаласындағы артистік жүзуден Әлем Кубогының суперфиналы сәтті басталды.

Жекелей сындағы техникалық бағдарламада отандасымыз Эдуард Ким 200.600 ұпай жинап, күміс жүлдеге ие болды. Ол бітіспес қарсыласы испаниялық Фернандо Диас дель Рио Сотоға жол берді. Биылғы 3 кезеңде жүлдені көбіне осы екі атлет өзара бөліскен. Қола колумбиялық Густаво Санчестің еншісінде (198.17 балл).

Осыдан кейінгі аралас жұптар сынында Эдуард Ким мен Наргиза Болатова 3-орыннан көрінді. Біздің дуэттің техникалық бағдарламасына төрешілер 215.60 ұпай берді. Мұнда да Испания спортшылары (Фернандо Диас пен Эмма Гарсия) алтыннан алқа тақса, күміске Колумбиядан келген жұп (Густаво Санчес пен Джениффер Серкиера) қол жеткізді.

Испанияға биылғы 3-кезеңде жүлде алып, көп ұпай жинаған спортшылар ғана шақырту алды. Олар алдағы күндері еркін бағдарламада өз өнер көрсетеді. Суперфинал 4 маусымда аяқталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер