Алматы облысында каратэ бойынша жаттықтырушы балаларды ұрған

Алматы облысында каратэ бойынша жаттықтырушы балаларды ұрған

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласында «Айжан» балабақшасында каратэден жаттықтырушы балаларға қол жұмсаған, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

26 мамырда «Жалын» тобының тәрбиеленушілерінің ата-аналары каратэ бойынша бапкер балаларды ұрып-соққаны туралы арыз түсірген. Бұл факт балабақшаның спорт залының бейнебақылау камераларына түсірілген жазбалармен расталды.

Балабақшаның жаттықтырушысы және қызметкерлерімен кездесу өткізілді. Каратэ бапкері қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны және педагогикалық этиканы сақтамағаны үшін «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Кейін бапкер өз еркімен жұмыстан кетті.

Өз кезегінде балалардың ата-аналары Еңбекшіқазақ аудандық ішкі істер бөліміне арызбен жүгінген. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или