Франция ашық чемпионаты: Александр Недовесов жұптық сында ширек финалға өте алмады

Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Франция ашық чемпионатының жұптық сынында ширек финалға шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Недовесов мексикалық Мигель Анхель Рейес-Вареламен жұптасып, әлем рейтингінің көшбасшылары Уэсли Колхоф (Нидерланды) мен Нил Скупскиден (Ұлыбритания) жеңіліп қалды.
Қарсыластардың жоғары деңгейіне қарамастан, Александр Недовесов пен Мигель Анхель Рейес-Варела лайықты ойын көрсетті. Матч 5:7, 4:6 есебімен аяқталды.
Еске салайық, Александр мен Мигель екінші айналымда Ариэль Бехар (Уругвай)/Адам Павлашек (Чехия) дуэтін 4:6, 6:1, 1:6 есебімен жеңген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или