Теннис

«Ролан Гаррос» турнирін жалғастыраудан бас тартқан Елена Рыбакинаның диагнозы белгілі болды

«Ролан Гаррос» турнирін жалғастыраудан бас тартқан Елена Рыбакинаның диагнозы белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Уимблдон-2022 чемпионы, әлемнің төртінші ракеткасы қазақстандық теннисші Елена Рыбакина «Ролан Гаррос-2023» турнирін жалғастыраудан бас тартқаннан кейін дәрігердің оған қандай диагноз қойғанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Чемпионатқа сілтеме жасап.

«Иә, мен дәрігерге бардым. Олар бұл Парижде жұқтырып алған вирус деп айтты. Иә, менің ойымша, аллергиямның кесірінен иммунитетім әлсіреп, вирус жұқтырып алдым. Екі күн бойы жақсы ұйықтамадым. Қызуым көтерілді, басым ауырды. Бұл күйде жүгіру, тіпті тыныс алу қиынға соғатыны анық. Менің ойымша, бұл мен қабылдай алатын жалғыз дұрыс шешім болды», - деді Рыбакина арнайы баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, Рыбакина «Ролан Гаррос - 2023» турнирінің үшінші айналымдағы матчының басталуына бірнеше минут қалғанда жарысты жалғастырудан бас тартқан болатын. Ол испаниялық Сара Соррибес-Тормомен (әлемнің 132-ші ракеткасы) кездесуі керек еді.

Фото: FFT баспасөз қызметінен

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер