Теннис

Рыбакина «Ролан Гарросты» жалғастырмайтын болды. Оның себебі айтылды

Рыбакина «Ролан Гарросты» жалғастырмайтын болды. Оның себебі айтылды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Франция ашық чемпионатын жалғастырудан бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Кеше денсаулығым нашар болды, дене қызыуым көтерілді. Бүгін де солай. Бұл күйде ойнау өте қиын. Температура, бас ауруы, нашар ұйықтадым. Бұл белгілерді екінші матчтан кейін сезіне бастадым. Менің жолым болмады. Мен шөпте ойнайтын маусымға дейін қалпыма келуге тырысамын. Жоспарымда Берлин, Истборн және Уимблдонда ойнау болды», - деді теннисші.

Айта кетейік, Рыбакина карьерасында алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирін жалғастырудан бас тартып отыр.

Еске салайық, бүгін Қазақстанның үздік теннисшісі «Ролан Гарростың» төртінші айналымында шығу үшін испаниялық Сара Соррибес-Тормомен кездесуі керек болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер