Басқа

Көркем гимнастикадан Азия чемпионаты: Қазақстандық спортшылар екі «алтын» алды

Көркем гимнастикадан Азия чемпионаты: Қазақстандық спортшылар екі «алтын» алды
news-banner7
mobile-news-top

Филиппин астанасы Манилада өтіп жатқан көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы 19-кезекті Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар бірнеше медаль алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Доппен жаттығуда Айым Мейіржанова алтыннан алқа тақты. Ол 31,150 ұпай жинап, өзбекстандық Наталья Усова (30,400 ұпай) мен жапониялық спортшыны (26,500 ұпай) жеңді.

Сондай-ақ бес лентадан топтық жаттығуда қазақстандық гимнастшылар 27,600 ұпай жинап, үздік шықты. Бағдарламаның бұл түрінен Өзбекстан (274 500 ұпай) мен Жапония (25 100 ұпай) үздік үштікке енді.

Дария Көшербаева шығыршықпен жаттығуда құрлық біріншілігінің күміс жүлдесін жеңіп алды. Қазақстандық жас гимнастшылар командалық және топтық көпсайыс бойынша да осында жүлдеге ие болды.


Фото instagram.com/elvira_agliulina

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер