Қазақстандық дзюдошы Душанбеде Гран-при жүлдесін жеңіп алды

Қазақстандық дзюдошы Душанбеде Гран-при жүлдесін жеңіп алды

Қазақстандық дзюдошы Сұңғат Жұбатқан әлемдік Гран-при жарысының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөзіне сілтеме жасап.

Тәжікстан астанасы Душанбеде дзюдодан әлемдік Гран-при жарысы басталды. Жарыстың бірінші күнінде қазақстандық дзюдошы Сұңғат Жұбатқан қола медаль жеңіп алды. 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен ол жұбаныш финалында Адриан Нието Чинарроны (Испания) иппон ұпайымен ұтты.

Жүлделі орынға дейінгі жолда Сұңғат Израиль спортшысы Даниэль Капелушник, тәжікстандық Нурали Эмомалимен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіп шықты. Ширек финалда Мурад Чопановқа есе жіберген ол, жұбаныш белдесуде ұлыбританиялық Чарли Янгтан басым болып, қола медаль үшін күресу мүмкіндігін алған болатын. Осылайша спортшымыз 5 белдесудің 4-еуінде жеңімпаз атанды.

Гран При жарысына 40 елдің 315 спортшысы қатысып жатыр. Әлемдік бәсеке маусымның 4-іне дейін жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или