Теннис

Рыбакина Франциядағы турнир барысында рекорд орнатты

Рыбакина Франциядағы турнир барысында рекорд орнатты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Франциядағы жарыс барысында жеке рекорд орнатты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ролан Гаррос турнирінің стартындағы жеңіс Қазақстанның бірінші ракеткасы үшін жеке рекордын жаңартты.

Билли Жан Кинг кубогындағы ойындарды қоса алғанда, Рыбакина 2023 жылы сазды корттағы он ойында жеңіске жетті, бұл оның бір маусымдағы ең жақсы рекорды.

Еске салайық, қазақстандық бірінші айналымда чехиялық Бренда Фрухвиртованы 6:4, 6:2 есебімен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер