Хоккей

Қазақстандық хоккейші «Металлургке» ауысты

Қазақстандық хоккейші «Металлургке» ауысты
news-banner7
mobile-news-top

Шабуылшы Никита Михайлис «Металлургпен» бір жылдық келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы магнитогорскілік команданың ресми сайты хабарлады.

Никита Михайлис – Қазақстан хоккейінің түлегі. Шабуылшы мансабының көп бөлігін «Барыс» жүйесінде өткізген. Мансабын «Барыс Астана-2» командасында бастаған (2011/12) ол 2014 жылдан бастап «Барыс» сапында өнер көрсетті. 2021/22 жылғы маусымда 46 (19 + 27) ұпай жинап, ұпай саны бойынша жеке рекордын орнатты.

Өткен маусымда Никита Михайлис 58 ойынға қатысып, 41 (15+26) ұпай жинады. Сондай-ақ, шабуылшы «Барыстың» капитаны болды. Ойыншы ҚХЛ-да жалпы 411 кездесуге қатысып, 221 (99+122) ұпай еншілеген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер