Латвия құрамасы тарихта алғаш рет әлем чемпионатында медаль алды

Хоккейден Латвия құрамасы тарихта алғаш рет әлем чемпионатында жүлде алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
3-орын үшін өткен кездесуде Харийс Витолиньш шәкірттері АҚШ құрамасын жеңді.
Тампереде (Финляндия) өткен ойын қосымша уақытқа дейін созылып, 4:3 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, жеңіске жеткен команда сапында Кристианс Рубинс дубль жасаса, Робертс Букартс және Янис Якс бір-бір шайба соқты. Америка құрамасы сапында Рокко Грималди екі, Мэтт Коронато бір шайба соқты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или