NAIZA 51 турнирінің тікелей трансляциясы

Қазақстандық жетекші NAIZA ММА лигасы 26 мамыр күні сағат 18:00-де “ADD Аренада” халықаралықNaiza 51 турнирін өткізеді.
25 мамыр күні сағат 18:00-де турнир алдындажауынгерлердің қатысуымен көзтүйіс рәсімі өтеді.
Naiza 51 турнирінің кардында 26 спортшыныңқатысуымен 13 жекпе-жек қарастырылған.
Кештің басты жекпе-жегінде жартылай ауырсалмақтағы Naiza FC чемпионы Олжас “Аю” Абзалиев (2-0) ММА ардагері, 26 жекпе-жегін мерзімінен бұрынаяқтаған дағыстандық Артур “Торнадо” Гусейновке (27-12-1) қарсы белбеу қорғауын өткізеді. Маңыздылығыбойынша екінші жекпе-жекте, жартылай жеңіл салмақтаекі жарқын финишер кездеседі: қырғызстандық ММА жұлдызы, Eagle FC экс-чемпионы Абдибаит Уулу Бусурманкул (14-4-1, 7 KO/TKO, 3 SUB) мен бразилиялықджиу-джитсудан қара белбеуі бар Элвис Мартинс (7-1, 2 KO/TKO, 4 SUB) кездеседі.
Сонымен қатар, сіздер келесі жекпе-жектердітамашалай аласыздар: шу тудырған Асан “ҚазақстандықБорз” Султанов Нодирбек Ахатжоновқа қарсы, азақхалқына танымал белорус жауынгері Витал “Hate Love” Павловский Ильяс Садыковқа қарсы, ШерзодШамсутдинов Энтешам Ансариге қарсы.