Нұралы Әліп «Сочи» сапына ауысуы мүмкін

«Зенит» қорғаушысы Нұралы Әліп «Сочи» командасына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Metaratings.ru мәліметінше, 23 жастағы футболшыға «Сочи» қызығушылыұ танытып отыр, бірақ клуб «Зенитке» ресми ұсыныс жасаған жоқ.
Биылғы маусымда футболшы барлық турнирлерді есепке алғандае 11 матчқа қатысып, екі сары қағаз алған. Әліптің «Зенитпен» келісімшарты 2025 жылға дейін есептелген. Transfermarkt порталы ойыншының құнын 1,2 миллион еуроға бағалап отыр.
Еске салайық, бұған дейін «Зенит» 2022/23 маусымында мерзімінен бұрын Ресей чемпионы атанған болатын.