Ақтауда ХІІ жазғы универсиада басталды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызАқтау қаласында ХІІ жазғы универсиада басталды. Дүбірлі додада еліміздегі 55 универсеттің 3 мыңнан аса студенті келіп, бақ сынап жатыр, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтауда алғаш рет ұйымдастырылып жатқан универсиадаға қатысушылар 17 спорт түрінен өзара бәсекеге түседі. Спорттық сайыстар алдында мандаттық комиссия тұрақты жұмысын жүргізеді. Әр ойынның ашылу салтанаты өтіп, сайыс түрлері аяқталысымен, ақпараттық ашықтық мақсатында БАҚ өкілдері үшін арнайы брифинг ұйымдастырылады.
Ал, ХІІ жазғы универсиаданың салтанатты ашылу іс-шарасы 5 маусым күні «Маңғыстау-арена» спорт кешенінде өтеді. Ауқымды спорт додасының ашылу шарасына 20 мыңнан астам студент жиналмақ.
Бұл жолғы универсиаданың басты ерекшелігі - сан алуан спорт түрлерінен сайыстар бір өңір аумағында ғана өтеді.