«Ролан Гаррос»: Скатов іріктеу кезеңінің жартылай финалына өтті

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Парижде өтіп жатқан Франция ашық біріншілігінің іріктеу кезеңінде жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Іріктеу турнирінің 1/4 финалында отандасымыз канадалық Габриэль Диаллоны 6:4, 7:6 есебімен жеңді.
Айта кетейік, кездесу 1 сағат 49 минутқа созылды.
Биылғы маусымдағы екінші «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңі 28 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді.