Бокс

«Канелоның» бұрынғы қарсыласы Головкинді жекпе-жекке шақырды

«Канелоның» бұрынғы қарсыласы Головкинді жекпе-жекке шақырды

Мамыр айының басында суперорта салмақтағы абсолютты әлем чемпионы мексикалық Сауль Альвареспен жұдырықтасқан британиялық боксшы Джон Райдер (32-6, 18 КО) Геннадий Головкинмен жұдырықтасқысы келетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Эдди Хирн маған бұл кездесу туралы айтты. Головкин – аңыз. Кейінгі он жыл бойы Головкинге жанкүйер болып келемі. «Канело» туралы да осылай айта аламын.

Сәттілік мен жақта болса, жеңіске жетуім де мүмкін. Бұл жігітке деген құрметім шексіз. Ол көп жылдар бойы спортқа қызмет етті. Менің ойымша, ол «Канеломен» алғашқы жекпе-жегінде [2017 жылы] әділ бағаланбады. Ол көп жылдар бойы керемет спортшы болды, бірақ ең мықтылармен кездесіп, өзімді сынап көргім келеді. Сондықтан оған құрмет көрсете отырып, онымен рингте кездессем, барымды саламын», - деді Райдер Boxing Social басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, 6 мамырда Джон Райдер Гвадалахарада Сауль Альвареспен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіліп қалды – 107:120, 109:118, 109:118. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0