Бибісара Асаубаева Никосиядағы ФИДЕ Гран-приінің алты кезеңінен кейін 2 ұпай жинады

Әйелдер арасында Никосияда (Кипр) өтіп жатқан ФИДЕ Гран-приі кезеңінің қатысушылары алты тур ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық Бибісара Асаубаева төрт ойында тең түсіп, екі ойында жеңіліп қалды. Алты турдан кейін Бибісара 2 ұпаймен 11-орында келеді. 23 мамырда 7-турда Асаубаева ресейлік Александра Костенюкпен ойнайды.
Бибісара Асаубаеваның ойындарының нәтижелері (ақ түспен ойнаған шахматшылар бірінші көрсетілген):
1. Харика Дронавали (Үндістан) – Бибисара Асаубаева (Қазақстан) 1:0
2. Бибисара Асаубаева (Қазақстан) – Полина Шувалова (Ресей) 0:1
3. Динара Вагнер (Германия) – Бибисара Асаубаева (Қазақстан) 0,5:0,5
4. Бибисара Асаубаева (Қазақстан) – Гюнай Мамедзаде (Әзербайжан) 0,5:0,5
5. Нана Дзагнидзе (Грузия) – Бибисара Асаубаева (Қазақстан) 0,5:0,5
6. Бибисара Асаубаева (Қазақстан) – Тань Чжонъи (Қытай) 0,5:0,5
Фото fide.com