Теннис

Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің төртінші ракеткасы атанды

Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің төртінші ракеткасы атанды

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) әлемнің үздік теннисшілері рейтингінінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина әлемдік рейтингте көтерілуін жалғастырып жатыр. Римде өткен WTA 1000 турниріндегі жеңісінің арқасында Рыбакина төртінші орынға көтерілді. Ол үшінші орында тұрған америкалық Джессика Пегуладан небәрі 115 ұпайға қалып тұр.

Ал қазақстандық Юлия Путинцева он сатыға төмендеді. Жібек Құламбаева, Гозал Айнитдинова және Анна Данилина рейтингтегі орындарын сақтап қала алмады.

Жұптық рейтингте Данилина 24-орынға көтерілді. Елена Рыбакина он екі сатыға төмендеп, 94-орында тұр.

Елена Рыбакина WTA топ-10 рейтингі өкілдерінің арасында алға жылжыған жалғыз адам болды. Ол француз Каролин Гарсия мен америкалық Коко Гауффты ығыстырып тастады.

WTA рейтингі. 22 мамырдағы орындар:

1 (0). Ига Свентек (Польша) – 8940
2 (
0). Арина Соболенко (Беларусь) – 7541
3 (
0). Джессика Пегула (АҚШ) – 5205
4 (
+2). Елена Рыбакина (Қазақстан) – 5090
5 (-
1). Каролин Гарсия (Франция) – 5025
6 (-
1). Коко Гауфф (АҚШ) – 4305
(0). Онс Жабер (Тунис) – 3541
8 (
0). Мария Саккари (Грекия) – 3391
9 (
0). Дарья Касаткина (Ресей) – 3275
10. 
(0). Петра Квитова (Чехия) – 3162
61 (-10). Юлия Путинцева (Қазақстан) – 916
447 (-12). Жібек Құламбаева (Қазақстан) – 109
481(-1). Гозаль Айнитдинова (Қазақстан) – 96
655. (-81). Анна Данилина (Қазақстан) – 49
1143 (+3). Аружан Сағындықова (Қазақстан) – 9

Фото westobserver.com

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0