Рыбакина Римдегі турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Римде өтіп жатқан WTA-1000 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Отандасымыз жартылай финалда латвиялық Елена Остапенконы жеңді.
1 сағат 41 минутқа созылған кездесу 6:2,6:4 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, финалда Рыбакина украиналық Ангелина Калининамен кездеседі.