Еуропа лигасы: «Севилья» мен «Рома» финалға шықты

Футболдан UEFA Еуропа лигасы финалына шыққан екі команда анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мұндай мүмкіндікке Испанияның «Севилья» және Италияның «Рома» клубтары қол жеткізді.
Испаниялық клуб өз алаңында Италияның «Ювентусін» 2:1 есебімен сүріндірді. Ойын барысында италиялық команда сапынан Душан Влахович 65-минутта есеп ашқан еді. Оған «Севилья» сапынан Сусо 71, Эрик Ламела 95-минутта екі голмен жауап қайырды.
Алғашқы кездесуде командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді. Нәтижесінде қос ойынның нәтижесімен «Севилья» финалға шықты.