«Барселонаның» экс-футболшысы ПСЖ-да Мессиді алмастыруы мүмкін

«Барселонаның» экс-футболшысы ПСЖ-да Мессиді алмастыруы мүмкін

«Пари Сен-Жермен» Лионель Мессидің орнына «Марсель» футболшысы Алексис Санчесті алуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

La Tercera хабарлауынша, ПСЖ Санчестің агентімен байланысқа шыққан, ал 34 жастағы чилидің келісімшарты осы жазда аяқталады.

Алексис «Марсельдің» осы маусымдағы ең үздік бомбардирі, клубтағы дереккөздің айтуынша, ойыншыны командада қалдыруға күш салуда, осы маусымда 18 гол және 3 нәтижелі пас берген.

Еске салайық, Месси мен Санчес 2011-2014 жылдар аралығында «Барселона» сапында бірге ойнаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0