«Манчестер Сити» Чемпиондар лигасының финалына шықты

«Манчестер Сити» Чемпиондар лигасының финалына шықты

Чемпиондар лигасы жартылай финалының қарымта кездесуінде «Манчестер Сити» өз алаңында «Реалды» 4:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші кездесу 1:1 есебімен тең аяқталған. Осылайша «Манчестер Сити» Чемпиондар лигасының финалына жолдама алды. 

Финалда «Манчестер Сити» италиялық «Интермен» кездеседі.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының финалы 10 маусымда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0