Хоккей

Шайбалы хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасы Канадаға есе жіберді

Шайбалы хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасы Канадаға есе жіберді

Шайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында Қазақстан құрамасы Канадаға есе жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемдік хоккейде жоғары бағаланатын Канада құрамасы биыл да сәтті ойын көрсетіп келеді. Жанкүйер көкейінде негізінен еліміздің хоккей түлектерінен жасақталған Қазақстан оларға қандай деңгейде қарсылық көрсете алады деген сауал болғаны анық.

Кездесу басынан үйеңкі жапырақты елдің өкілдері басым ойнауға тырысты. Небәрі 19-секундта канадалық Маккензи Уигар есеп ашып кетті. Одан кейін Лоусон Круэ 5, 7-минутта есепті үстемелей түссе, 9-минутта қазақстандық Әділ Бекетаев есеп айырмасын қысқартты.

Ал канадалық Джо Велено 19, Сэмми Блэ 41-минутта басымдықты арттырды.

Осылайша Қазақстан қарсыласына 1:5 есебімен есе жіберді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0