Бокс

Махмұд Сабырханға 2 бөлмелі пәтердің кілті табысталды

Махмұд Сабырханға 2 бөлмелі пәтердің кілті табысталды

Бокстан әлем чемпионы атанған Махмұд Сабырханға Шымкенттен 2 бөлмелі пәтер берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бокстан әлем чемпионатының жеңімпазы Махмұд Сабырхан мен оның жеке жаттықтырушысы Илияс Оралбековты қабылдады.

Ташкентте өткен дүбірлі додада Ұлттық құрама спортшылары 4 алтын, 1 күміс медаль алған болатын. 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен шымкенттік боксшы М.Сабырхан құрама қоржынына екінші «алтынды» салды. Куба, Гана, Үндістан мен Мажарстан спортшыларын айқын басымдылықпен жеңсе, ақтық бәсекеде өзбекстандық Айбек Джураевты екі мәрте нокдаунға жіберді.

photo

Мұрат Әйтенов спортшы мен оның жеке жаттықтырушысын құттықтап, алдағы Азия және Олимпиада ойындарында сәттілік тіледі. Сондай-ақ М.Сабырханға 2 бөлмелі пәтер кілті, бапкеріне 5 млн теңгенің сертификатын табыс етілді.

photophotophoto

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0