Қазақстандық ардагер файтер келесі жекпе-жегін бразилиялыққа қарсы өткізеді

Еуразиялық аралас жекпе-жек промоушені қазақстандық ардагер файтер Георгий Кичигиннің (27-10) келесі жекпе-жегі өтетін күнді жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол 27 мамырда Алматыда өтетін OCTAGON 45 ивентінде бразилиялық Нилсон Оливейрамен (20-9) кездеседі.
Оливейра 16 жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған.
Еске салайық, O45 ивенті 27 мамырда Алматыда өтеді. Турнирде Теймур Жапаров, Аян Тұрсын, Нұрберген Шәріпов, Ержан Естанов, Мықтыбек Мамасалиев, Жұмабек Тұрсын, Ильяр Асханов, Георгий Кичигин сынды танымал қазақстандық файтерлер өнер көрсетеді.
Екінші маңызды жекпе-жекте ұйымның жартылай ауыр салмақтағы чемпионы Кәрім Рузбакиев (9-1) ресейлік Даниял «Т-34» Елбаевпен (9-5) кездеседі.