Мхитарян — Чемпиондар лигасының финалына шыққан алғашқы армениялық ойыншы

Мхитарян — Чемпиондар лигасының финалына шыққан алғашқы армениялық ойыншы

«Интер» Чемпиондар лигасы жартылай финалының қарымта кездесуінде «Миланды» 1:0 есебімен (бірінші матч — 2:0) жеңіп, финалға шықты, деп жазады Prosports.kz.

«Интер» жартылай қорғаушысы Генрих Мхитарян ойынды негізгі құрамда бастап, 44-минутта ауыстырылды.

Осылайша, ол Чемпиондар лигасының финалына шыққан алғашқы армениялық ойыншы атанды.

 «Интер» 10 маусымда Ыстамбұлда өтетін финалда «Манчестер Сити» немесе «Реал Мадридпен» кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0