Қазақстандық клуб шетелдік хоккейшімен келісімшартқа отырды

Хоккейші Денис Черевач белорусиялық «Лидадан» кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
29 жастағы белорус қорғаушысы Қазақстанның «Құлагер» командасына қосылды. Ойыншы жаңа клубпен келісімшартқа отырды.
Өткен Қазақстан чемпионатында петропавлдық команда тұрақты маусымды сегізінші орында аяқтап, плей-оффтың бірінші кезеңінде жеңіліп қалды.