Алматыда алғашқы HFC MMA турнирі өтеді

19 мамырда Almaty Arena-да қазақстандық және ресейлік файтерлер кездеседі. Кештің басты жекпе-жегінде Мұратбек «Қазақ терминаторы» Қасымбай мен жеңіліп көрмеген Аловсет Мамиев кім мықтыны анықтайды.
Almaty Arena-да Қазақстанда алғаш рет Hardcore ММА лигасының жекпе-жек кеші өтеді. Көрермендер октагонда ең үздік жұлдыздарының жекпе-жегін көреді. Олардың арасында отандық көрнекті файтерлер де бар.
Қазақстандық ардагер Қуат «Найман» Хамитов Зелимхан Юсуповпен кездеседі. Ал Жұман Жұмабеков Азизхан Чоршанбиевпен, Бағдат Дүйсембаев Игорь Барабанов жұдырықтасады. Ал атақты Мұратбек Қасымбай Аловсет Мамиевпен кездеседі.
Ұйымдастырушылар Алматыда бұған дейін болмаған керемет кеш өтетініне уәде беріп отыр.
Билеттер құны 3600 теңгеден басталады, zakazbiletov.kz сайтынан онлайн сатып алуға болады.