Фабиан Урега «Оқжетпеске» қарсы матч туралы ойын айтты

Фабиан Урега «Оқжетпеске» қарсы матч туралы ойын айтты

«Астана» жартылай қорғаушысы Фабиан Урега Prosports.kz тілшісі Бекарыс Әлімханға берген сұхбатында «Оқжетпеске» қарсы ойын туралы пікір білдірді.

– Фабиан, бүгінгі ойын жайлы не айтасыз?

<span>–</span> Қарсыласқа қарағанда әлдеқайда жақсы ойнадық. Бірақ гол соға алмадық, гол соқпасаң жеңіске жетпейтінің анық. Қарсылас қорғаныстан шықппай қойды, мұндайда шабуылды күшейту қиынға соқты.

– Төрешілерге шағымыңыз бар ма?

<span>–</span> Жоқ. Олар өз жұмысын жақсы атқарды. 

– Матч соңында «Оқжетпес» ойыншыларының әрекетін командаластарыңыз өте агрессивті қабылдады. Бұл туралы не ойлайсыз?

– Өйткені олардың бәрі әдейі құлап, уақыт соза бастады. Бірақ мұндай жағдайда біз де солай істер едік, сондықтан бұл қалыпты жағдай.

– Осы ойыннан кейін «Қызыл-Жар» турнирлік кестедегі көшбасшы орнын сақтап қалды. Бұл туралы сіздің ойыңыз қандай?

– Иә, бірақ чемпионат аяқталуға әлі ұзақ уақыт бар, сондықтан әлі ештеңе шешілген жоқ. Бізде түрлі жарыста әлі көп ойын өткіземіз, мен командамыз табысқа жететінінне сенемін. Қазір екінші орында тұрмыз, бірақ бірінші орын алауға тырысамыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или