Клубтар арасындағы Азия чемпионаты: «Атырау» катарлық командадан жеңілді

«Атырау» ерлер арасындағы клубтық Азия чемпионаты аясында «Полис» (Катар) командасынан жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч 1:3 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, «Атырау» D тобында Катар, Кувейт және Гонконг командаларымен кездеседі.
Клубтар арасындағы Азия чемпионаты. Топтық кезең
«Полис» (Катар) - «Атырау» 3:1 (25:19, 25:22, 22:25, 25:23)