«Қайрат» ойыншысына ота жасалды

«Қайрат» ойыншысына ота жасалды

«Қайрат» жартылай қорғаушысы Арсен Буранчиев «Ақтөбе» ойыншысы Эльдер Сантанамен қатты соқтығысқаннан кейін дереу Алматыдағы ауруханалардың біріне жеткізілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

21 жастағы футболшыға бас сүйегінің самай бөлігі жараланды деген диагноз қойылып, қазір ота жасалып жатыр.

«Қазіргі уақытта Арсен реанимацияда жатыр. Оның жағдайы өте ауыр. Футболшыға дәрігерлер мұқият қарап жатыр. «Қайрат» ФК мен Қазақстан Футбол Федерациясының басшылары ауруханада және олар қажетті көмегін көрсетіп жатыр» , - деп жазды клубтың баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, бұл кездесуде «Қайрат» 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0