Әлем чемпионатында Қазақстан екінші орын иеленді

Ташкентте (Өзбекстан) өткен әлем чемпионатында қазақ боксшылары бес медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Төрт алтын және бір күміс медальмен Қазақстан құрамасы медальдық есепте екінші орынға табан тіреді. Өзбекстан құрамасы бес алтын, екі күміс және екі қола медальмен көш бастады.
Еске салайық, 2023 жылғы әлем чемпионатының «алтынын» Қазақстанға Санжар Ташкенбай (48 келі), Махмұд Сабырхан (54 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі) және Нұрбек Оралбай (80 келі) иеленген болатын. Күміс жүлдені Дулат Бекбауов (67 келі) еншіледі. Қазақстан құрамасынан турнирге он үш боксшы қатысты – олардың сегізі жүлделі орындарға ие бола алмады.