русский язык
Бокс

Асланбек Шымбергенов Қазақстан қоржынына үшінші алтынды салды

Асланбек Шымбергенов Қазақстан қоржынына үшінші алтынды салды

Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов жеңімпаз атанды.

Жамбыл облысының өкілі, Азия жеңімпазы А.Шымбергенов 71 келіге дейінгі салмақта екі мәрте құрлық чемпионы, өзбекстандық Саиджамшид Джафаровпен жұдырықтасты.

Асланбек бірден жекпе-жек тізгінін қолына алды. Өзбекстандық боксшының мұрны да қанады. Бірінші раунд есебі – 5:0. Екінші кезеңде таразы басы С.Джафаровқа ауды – 3:2. Қорытынды есеп – 5:0.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;